Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуді межелеген болатын.
Тауарды өзімізде өндірсек, ұлттық экономика күшеймек – Рашид Жақсылықов
3,441
оқылды

Дегенмен кез келген экономикалық даму жоспарының жүзеге асуы ең әуелі қаражатқа келіп тіреледі. Ал әлемдік экономикадағы өзгерістер отандық өнеркәсіптің жаңа тынысын ашуға мүмкіндік бере ме? Инвесторлар үшін қазір ел экономикасына қаражат құю қаншалықты тиімді? Осы сұрақтар төңірегінде Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағы төралқасының  төрағасы Рашид Жақсылықов өз ойларымен бөлісті.

– Дүниежүзілік банк соңғы баянда­ма­­сында әлемдік экономиканының даму көр­­сеткіші баяулайтынын болжаған. Әлі де шикізат экспортына тәуелді ел ретінде біз бұл болжамнан қандай қорытынды шы­­­­­ғаруымыз керек?

– Соңғы жылдары дүниежүзілік эко­­­номикадағы қарым-қатынас бұзылды. Се­­­бебі, Ресейге салынған санкциялар жа­­қын арада алынбайды. Қазір Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақ­­­тығыс­­тар әлемде тек қана тауар тасы­малдау жолдарының жаңадан салынуына ықпал еткен жоқ. Сонымен қатар эконо­­­микалық байланыстардың өзі түбегейлі өзгеріп жатыр. Мәселен, Ресей әлемдік нарықта­­­ғы үлкен ойын­шылардың бірі. Сондықтан ондағы ши­кізат экспор­­­ты­ның төмендеуі әлемдік өндірісті құбылт­пай қоймады. Осы тектес алдын ала жасалған сарапта­­­­маларға сүйенсек, бо­ла­­шақта үлкен өзге­­­рістердің күтіп тұрға­ны анық. Одан бө­­­лек, Еуразиялық Одақ немесе Кеңес үкі­метінен қалған эконо­­микалық байла­­­­­ныстар себепті біз әлі де Ресей экономи­касына тәуелдіміз. Осы­­ған дейін халық санының басымдығына сәйкес көптеген Еуропалық өндірістер Ресей өңірінде шоғырланды. Сондықтан біз еуропалық тауарлардың көпшілігіне солтүстік көр­­шіміз арқылы қол жеткізіп келдік. Қа­­зіргі таңда геосаяси ахуалдың әсері­нен сол өн­­діріс орындарының бар­­­­лығы жаңа қо­ныс іздеуде. Бүгінде ең үлкен «со­ғыс» – бұл инвесторларға деген та­лас. Ал отан­­дық бизнес әлі де ауқымды ме­­­­га-жо­­­­­­ба­­­­­­лар­­­ды қаржыландыруға да­­йын емес. Елі­мізде өндірісті немесе орта және кіші биз­несті қаржыландыру инсти­­­­туттары жеткілікті. Тіпті, ауыл­­­шаруашылығын дамытуға негізделген әртүрлі бағытта жұ­­­­­мыс істейтін тоғыз шақты қаржы ин­­сти­­­­­­­туты бар. Бұлардың бәрі отыз жыл­да эко­номикамызды дөң­гелетіп әке­­те алма­ғандықтан, отыз күн­­де қандай да бір нә­­тиже күту қи­сынсыз. Сол себепті осы ке­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­зеңге дейін ең тиімді шешім – ин­­вес­­­тор тарту болып келді. Бірақ қазіргі таңда инвесторлар­дың көбі парсы шығанағына қарап бет бұрып отыр, өйткені олардың табиғи шикізат қоры үлкен. Инвестордың оң шешім шығаруына себеп болатын алғышарттың бірі де осы – шикізат қо­­­ры­­­­­ның мөлшері. Себебі әлемдегі эколо­­­­гиялық, эконо­­­микалық, саяси, тіпті, эпи­­демияло­­гиялық ахуалдың өзі әп-сәт­те өзгеріп салуда. Ресей мен Украина ара­сындағы жағдайды айтпағанның өзін­­де, бізді оған дейін короновирус пан­де­­­миясы ашса алақанында, жұмыс жұдыры­­­ғында ұстады. Тауар қатынасы тоқтамаса да, кәсіпкерлердің ел аралауға мүмкіндігі болмады. Осындайда «ертеңгі күнімізді не күтіп тұр?» деген заңды сұрақ туын­дайды. Сондықтан инвестор ба­рынша табыс таба алатынына көз жеткі­­зуді ма­құл кө­реді.

– Қазір халықаралық қаржылар қан­ша­лықты қолжетімді?

– Дүниежүзілік банктің алға қойған басты мақсаты – әлемдік экологияға ор­ны толмас зиян келтіретін энергия көзде­ріне қаражат бөлуді азайту. Қалай болған­да да, бүгінгі байлықтан Жерді осы қал­­­­­­­­­­пында сақтап қалу мәселесі әлде­қай­да қымбатырақ. Сондықтан мемлекет жасыл энергияға көңіл бөлмесе немесе жобада осындай бағдарламалар қамтыл­маса, Дүниежүзілік банк қаражат беруден бас тартуы мүмкін. Осылай мәжбүрлі амалдармен өзгертпесе, адамзат өзгер­­мейді. Қазақстан өзінің экологиясымен мақтана алмайды. Бір ғана Алматы қала­сының өзі әлемдегі ең лас қала­­лардың тізімінде. Әр қазақстандықтың мақта­нышы болған мәдени орталығымыздың өзінде жағдай осындай. Сондықтан «апорт өспейді» деп байбалам салмас бұ­рын, неге табиғатымызды құрдымға ке­тіріп жатырмыз деп ойланбаймыз. Мә­селен, Қытай 1,5 млрд халықты асы­рау­дан тыс оларға таза экология сыйлау мә­­се­­­­лесінде де ауқымды жұмыстар атқаруда. Оның қасында біз тіпті кенжелеп қалдық. Бұл – бір, екіншіден, мемлекет ретінде мұнай мен газ өндірісінен басқа инвес­тор­­ларға тартымды болатын қырымызды таныта алмай отырмыз. Алтайдан қарт Каспийге дейін созылып жатқан аумақта ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалануымыз қажет-ақ. Инвестор үшін мемлекеттің саяси тұрақтылығынан тыс, адами капитал да аса маңызды. 

– Отандық өңдеу өнеркәсібінің өркендей алмауына адами капитал себеп деп айта аламыз ба?

– Қазақстанның халықаралық аре­­­­­­надағы имиджі, Астананы жаңадан қа­­­лып­­­­тастыру немесе аймақтағы логисти­­­­калық хабқа айналу секілді бас­­­та­­­­ма­­­­­­лардың соңында жүргенде қырғыздар жеңіл өнеркәсібін жолға қойып алды. Біз әлі де Өзбекстанның ауыл шаруашылық өнімдеріне тәуелдіміз. Әлемді астықпен қамтамасыз етіп отырған ірі мемлекеттің бірі – Украина. Қазіргі таңда сол елдің астығы соңғы тұтынушыға нан ретінде жетпегендіктен, 5 млн адам наннан тап­­­шылық көріп отыр. Бұл Қазақстан үшін бір мүмкіндік болатын, бірақ 30 жылдың ішінде осы секілді бос нарықты дер кезінде іліп кете алатын деңгейге жете алмадық. 

Негізінде экономикалық даму бағ­­­дарын мемлекеттің шаруашылығын бас­қаратын Премьер-Министр ұсынуы қажет. Жолдауда Мемлекет басшысы өңдеу ісін дамыту туралы сөз қозғады. Мәселен, темір өңдеу ісінде Теміртау қаласы Кеңес үкіметінен бері біздің мақ­­­танышымыз екенін білесіз. Бірақ сол темір өндіретін зауыт 60 жылдан бергі тарихында өнді­­ріске емес, тек қана аза­маттық құры­лысқа арналған темір өнім­­дерін шыға­­­­­рады. Нәтижесінде, қазір  за­уыт-фаб­­­­­­­­­­­­рика­лар салатын болсақ, оған қажетті металды конструкциялардың бар­­лығын Ресейден алуға мәжбүрміз. Темірден жасалған отандық өнімдер тек үй салуға жарайды.

– Бізде автоматтандырылған өндіріс ошақтарын көретін күннің ауылы алыс дейсіз ғой...

– Атырауда «Қазтруборемонт» деген үлкен зауытымыз бар. Қазіргі таңда Siеmens, Bosh секілді дүниежүзіне таны­­­мал үлкен өндірістің «аталарын» Қазақ­станға әкеліп, солардың технологиясын енгізіп, мамандарымен бірлесіп, отандық мұнай-газ саласына қажетті дүниелерді жасап жатыр. Астананың маңында Фран­цияның вагон шығаратын зауыты бар. Атыраудағы зауыт осы вагондарың ас­тың­­­ғы платформасын жасай бастады. Жақында іс-сапармен барғанымда 1 қыр­күйектен бастап, темірді Ресейден алуды тоқтатып, Қытайдан тасымалдап жатқа­нын білдім. Сондағы мамандар: «Ресей­дің зауыттары бұрынғы кеңес кезеңін­дегідей жұмыс істеуде. Бірақ Қытайдың зауыттары бізді таңқалдырды. Өйткені темір шикізаты кіргеннен бастап боялған дайын өнім шыққанша бір де бір адам өндіріс басында тұрмайды. Барлығы роботтандырылған, автоматтан­­дырыл­ған. Адамдардың техникалық және эко­ло­­гиялық қауіпсіздігі сақталғаны сонша 1 шақырым қашықтықта отырып, бүкіл техниканы басқарып отыр», – дейді. 

Бізде заманауи өндіріс орындары туралы дұрыс түсінік жоқ. Зауыт ашылды десе, көз алдымызға әлі күнге қаумалаған адамдар жұмыс істеп жатқан мекеме елес­­­тейді. Бірақ қазір қарапайым өнді­­­­­рістің өзі Mersedess, Boing секілді алпауыт компаниялар деңгейінде жұмыс істеуде. Тек елімізде сол техникаларды басқара алатын мамандар аз. Біз жастарымыздың санасын улап, еңбекті сүюге баули алма­­дық. Қазір осы компаниямен бірге өссем деген жастар кем де кем. Азаматтар банк­тің несиесімен емес, жұмыс орны ұсын­ған әлеуметтік пакеттер арқылы тұрмыс­­тық ахуалын жақсартуға ұмтылса екен. Себебі кез келген мекеме мықты маман­дарынан айрылып қалғысы келмейді. Соңғы кезде неге көпшілік қауым алаяқ­­тардың құрба­ны болып отыр. Мұның барлығы идеоло­гияның дұрыс жолға қойылмаға­нының нәтижесі. Осылайша, өмірлік мақсаттары соншалықты арзан қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Рухани жаңғыру деген кезінде үлкен бағдарлама болды, бірақ оның да түпкі мәні тарих пен салт-дәстүрімізден немесе қазіргі жеткен жетістіктерімізді жырлаудан ары аса алмады. 

Үнемі кеуде соғып Қазақстан жерінде Менделеев кестесіндегі барлық элемент­­ кездеседі деп мақтанамыз. Бірақ бұл Кеңес үкіметі кезінде Қ.Сәтпаев зерттеп қалдырған мәліметтер. Қазіргі таңда жер қойнауындағы пайдалы қазбаларымызға қатысты жаңа деректер бар ма немесе тың зерттеулер жасайтын жаңа геологтар қалыптасты ма? 

– Газ өндірісі туралы айтсақ, елімізді то­л­ықтай газдандыру қаншалықты мүм­­кін? Неліктен бізде бұл әлі де өзекті проб­лема?

– Соңғы кезде жаңадан ашылған та­­би­ғи газ қорлары – жоқтың қасы. Екін­шіден, мұнай-газ компаниялары өздері өндірген газды бізге бергісі келмейді, се­бебі мұнайға да, газға да белгіленген екі баға бар: дүниежүзілік нарық бекіткен баға, Қазақстан халқына тұтыну үшін арзан­­­­­­датып қойылған баға. Әрине, бірін­ші жолы шетелдік инвестор үшін тиім­­­дірек. Екіншіден, мұнай саласында отыр­ған азаматтар газды өз қажеттілік­­­­­теріне де қолданады. Мысалы, Маңғыстау об­лы­­­­сында жарық сөніп қалған сәтте, мұ­най өндірушілер газогенераторлардың көмегіне жүгінді. Өйткені мұнай шығу үшін де атмосфералық қысым қажет. Оны екі түрлі жолмен алуға болады, бі­­­рінші ілеспе газ – шығып жатқан газды қайтадан жер астына жіберу арқылы. Екінші босаған орынға су құяды. 

Бизнес өз шаруашылығына мығым бол­­ма­са, «тістегеннің аузында, ұстаған­ның қолында» кетерін жақсы біледі. Сон­дықтан тиімсіз міндеттемелерін ба­рынша азайтады. Осы себепті Қазақстан халқы жылына 18-20 млрд текше метр газ тұты­натын болса, QazaqGaz осы көлемде газ қорын табуы керек. Сол кезде ғана арқа­ны кеңге салып, бутан, пропан шығара­тын зауыт салсақ, халыққа және өндіріске қажетті газды бере аламыз деп айта ала­мыз. Өйткені уран, мұнай, газ, көмір жә­не жасыл энергетика секілді қуат көзде­­­рі­­­нің ішінде ең тиімдісі және арзаны – газ. Бұл энергия көзі техникалық және эко­логиялық тұрғыдан жасыл энергетика көздерінен кейінгі бірден-бір қауіпсіз қуат көзі. Салыстырмалы түрде газдың қоршаған ортаға бөлетін зиянды қосы­­­лыстары өте аз. Статистикаға сүйенсек, әлем тұрғындарының 57 пайызға жуығы газды пайдаланады. 2022 жылы өздеріңіз білетіндей, газ бағасы қымбаттаған тұста, газға деген сұраныс бұрқ ете қалды. Ха­лық үкіметтен арзан бағада тұтынатын газбен қамтамасыз етуді талап етті. 2019 жы­лы Бейнеуден Қызылордаға дейін, одан бері Астанаға дейін созылып жатқан Сарыарқа газ құбырын салып бітірдік. Сол құбырдың салынуына 1 млрд АҚШ долларына жуық қаражат жұмсалды. Бірақ біз әлі де халықты то­­­лық газбен қамтамасыз ете алмай отыр­мыз. Екіншіден, Қазақстандағы газ құ­быр­ларының барлығы дерлік жаңарту­ды қажет етеді. Адами фактордың үлесін азайту мақсатында бүгінде көптеген өн­­­­діріс орындары чиптар қойып, жұмыс процесін компьютер­лендіруге бет бұруда, бірақ мұның барлығы қыруар қаржыны талап етеді. Газ-химия өнеркәсібіне ке­летін болсақ, Атыраудағы KPI зауыты 20 жылдың ішінде салынды. Қазір біз тағы да екі зауыт салуды жоспарлап отыр­мыз. Бірақ оған қажетті шикізатты қай­дан аламыз? Бұл өте ұзақ уақытты та­лап етеді. Инвестор болған күннің өзінде шикізат қорын табу шөмеле шөптің ішінен ине іздегенмен бірдей. Бағыңа орай табылса жақсы, табылмаса ше? 

– Бұл тікелей кімнің жауапкершілігінде: ғылымның ба, мемлекеттің бе?

– Кез келген өндіріс ғылыммен егіз жүруі қажет. Мұнай-газ саласындағы StandartOil, Chevron, LukOil секілді ірі дүниежүзілік компаниялардың жанында өндірісті басқарып отырған менеджменті­мен қатар, үлкен ғылыми оқу орындары немесе зертханалары бар. Бізде компа­­нияларды былай қойғанда мемлекеттік деңгейдегі ғылымның өзі тұралап қалды. Қазіргі таңда біз қандай академигімізбен мақтана аламыз? Жастардан қай ғалымды танисың десе, атын атай алмауы мүмкін, есесіне оншақты әртістер мен блогерлерді айтып береді. Бір ұйықтап тұрсаңыз, әлемде орташа есеппен 12-20 мамандық жойылып кетеді. Жаңа технология біз секілді ілесе алмай қалған елдерді сүйре­­леп бара жатыр деуге де болады. Алда келе жатқан алпауыт елдердің жетістік­­­­терінің барлығы ғылымға аянбай ақша салып жатқанының арқасында. Ғылым­­ның дамуына толық еркіндік берген елдер соның нәтижесін көріп жатыр. 

– Ғылымға еркіндік беруді қалай түсінеміз? Бізде де қазір ғылымға көптеген жағ­дай жасалып жатқан секілді?

– Ғылымның дамуы үшін нақты үшін түрлі жағдай қажет, біріншісі – идея ре­тінде қағазға түскен дүниені іске асыра­­тын өндіріс қажет, екіншіден, сол техно­ло­­­­гияны меңгере алатын маман қажет, үшіншіден, нарықты зерттеу қажет. Шетел­­­дік компаниялар идеясымен бар­ған ғалымның тек авторлық құқығын сатып алады. Ал мемлекетке барар бол­­­­саңыз, қыруар құжаттың астында қала­сыз. Зауыт салып берген күннің өзінде, маман таба алмай қиналасыз. Үшіншіден, теориялық тұрғыда бір бөлек, оған на­­рықта нақты сұраныс қандай оны да алдын ала анықтап алу қажет. Ғылымды мемлекеттік деңгейде қолдау дегенді қа­лай түсінеміз? Мәселен, мемлекет бір ша­ғын қала салар болса, су, жол, жарық секілді инфрақұрылымдарын орнатып береді. Сосын тұрғындар өз баспаналарын тұрғызып алады. Ауыл қалыптасқан кезде әлеуметтік нысандар бой көтереді. Бірақ үкімет сол ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтитындай жанынан шағын болса да өндіріс ошағын салмайды. Жұмыс орны­мен қамтамасыз етпейді. Нәтижесінде, бұл жағдай халықты урбанизацияның құр­баны етіп немесе қалған азаматтар кө­­­­лігімен жолаушы тасымалдап, күзетші болып күнін көруге мәжбүр болады.

Ғылымда да тура осы жағдай. Мемле­кет грант береді, тек сол ғалымды оқыта­ды, бірақ ол идеяның толыққанды өнді­ріске айналуын мақсат тұтпайды. Біз ер­­­­­­кіндік деген ұғымды – жеңілдік деп түсі­неміз, шын мәнісінде еркіндік деге­­німіз – ол дәлелдеу. Мен еркін өмір сү­р­уім үшін сен маған барлық дүниені тегін бер деген ұғымға түбегейлі қарсымын.

Бүгінде біздегі өндірістің дамы­­­­­мауы­на, электр қуатымен қамтамасыз етіл­меу не­­­­месе жылу электр стансала­­­­­­рындағы қа­зан­­­дықтардың жаңармауы секілді мәсе­лелерге түптеп келгенде мем­­­­­­­лекеттің тарифті бір деңгейде ұстап қалуға тырыс­­қаны себеп. Нарық субъек­­­тілеріне ха­­лық­­­­­қа өніміңді арзан бер және түскен пай­дадан өз тех­­­­­нологияңды өзің жаңарт дегендей талаптар қойылады. Бі­­рақ ол мекемеде де адамдар жұмыс іс­­­тейді. Біз осылайша әлеуметтік маңызы бар өндіріс орында­­­­рының дамуы­­­на жеткілікті қара­­­жат қал­­­­дыр­­­­маймыз. Бір сөзбен айт­­қанда, жоспар­­­лы экономи­каның шеңбе­­рінен шыға ал­­­­­май келеміз. 

– Бұл мемлекеттің әлеуметтік жауап­­­кершілігін инвесторға арқалатумен тең се­кілді. Бірақ азаматтық қоғам тарапынан мем­лекеттік мүддені шетелдік инвестор­­лардың тәуекелінен жоғары қою қажет де­ген талаптарды жиі естиміз. Бұған не дейсіз?

– Қазір инфляция бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындамыз. Бізге инвестордың ығына жығылу экономи­­­­­калық тұрғыдан тиімсіз деп айтудың өзі ұят. Себебі ұлттық валютамыз әлсіреп бара жатса, балансты ұстап тұру үшін ин­тервенция жасап Ұлттық банк миллион­дап, АҚШ долларын сатып алады. Бұл жай ғана далаға кеткен қаражат деп есеп­­­­­тей беріңіз. Одан да сол кеткен ақшаға зауыттар салып экономиканы көтеруге күш жұмсауымыз қажет еді. Бүгінге дейін теңгені сүйкімді цифр қылып ұстап тұру үшін қанша қаражат жұмсалғаны туралы 30 жылда жұмыс істеген қай үкімет бас­шысы ашық мойындай алады? Елімізде қаншама зауыттар жұмыс істеп тұрған болса, отандық өнімдеріміз экспортқа шығып, қазіргі таңда дербестендіре ал­май отырған шикізатқа тәуелді экономи­­калық ахуалымызды реттеуге мүмкіндік алар едік. Ұлттық негізіміз күшейген жағ­­­дайда тіпті интервенция жасаудың қажеті де жоқ. Қарызын жаба салып, банк­терді де, халықты да жаман үйретіп жатқан жоқпыз ба деп ойлаймын. Өзінің алған ақшасына өзі жауапты емес, ая­ғында үкімет кінәлі болып шығатын адам­дар сорты қайдан пайда болды? Онда әділдік үшін шағын және орта бизнес өкілдерінің де несиелерін жауып берейік. Мұның түбіне жете алмайсыз. 

Экономикалық көрмелерге барсаңыз да қазақтың бауырсағы, шұбаты мен қы­мызы, құртынан басқа не көруге болады? Өзіміз тұтынып отырған тауарлардың 70-80 пайызын өзімізде өндірмей, ұлттық валютамызды күшейтеміз, инфляцияны төмендетеміз деу қисынсыз. Қазір не тең­­­­­гені тұрақтандыра алмаймыз, не ин­вес­­­­­­­торларға тиімді шарттармен жұмыс істеуге ұсыныс жасай алмаймыз. 

Нарықта ең бастысы – сұраныс. Одан кейінгі орында сапа, бәсекелестік және ұсы­­ныс жүреді. Сондықтан сұраныс ту­ғы­зып, бәсекелестік орта қалыптастыра ал­­­­сақ, біз инвесторға өз шарттарымызды қояр едік. Шындығында, қазіргі ішкі эко­­­­но­­­­­­микалық заңдылықтарымыз моно­­­­по­­­­­листерге де, тапқан табысының жар­­ты­­­­сын тамағына жұмсап отырған ха­­лыққа да тиімсіз. 

Кешегі Жолдауда QazaqGaz акциясын сатылымға шығару туралы ұсыныс бол­ды. Осы секілді 2005 жылдары мемле­­­кеттік деңгейде ҚазМұнайГаз акцияла­­­рын сату туралы айтыла бастады. Бірақ оның акциялары былтыр ғана сатылымға шықты. Акцияны сату дегеніміз – пайда­лы компанияға айналу. Екіншіден, ол да ертең мемлекеттің халық алдындағы уә­­де­­­­­­­сін орындау жолында қызмет етіп, әлеуметтік жауапкершіліктен ары аса алмай пайдаға кенеле алмаса, өндірген газын арзанға сатып, өз шығынын ақтай алмаса ше? Жоғарыда айтып өткеніміз­­­­дей, кез келген экономикалық бағдарлама инвестиция арқылы жүзеге асырылады. Ал инвестормен жұмыс істеу үшін келі­­­­сімді долларға негіздеу немесе тариф бойын­ша тиімді шарттар ұсынуымыз қажет. Әрине, өндірілген газдың 50 пайы­зын арзан бағада ішкі тұтынысқа өткізу қажет болса, келісімге келу қиындайды.

– Ғылымға негізделген экономика деп жатамыз, бірақ қай саланы алып қарасақ та кадр мәселесін айналып өту қиын. Біз жал­­пы техникаға бейім жастардың әлеуе­тін қаншалықты пайдаланып отырмыз?

– Мұның мынадай әдемі шешімі бар. Біз қазір 1,5 млн халық жұмыссыз деп есеп­­­тейміз. Қалған 4,5 млн халық тұрақты жұмыс істеп жатыр ма? Халық арасында ертеңгі күнге деген сенімсіздік өте кү­­шейіп кеткен. Сондықтан ең алдымен, тұ­рақты сенімді жұмыс орындарымен қам­­­тамасыз етуіміз қажет. 

Халық арасында үлгі тұтар тұлға қа­лып­­­­­­­­­­тастыру – қазіргі коммуникация жә­не ақпарат құралдарының жауапкер­ші­­­­лігін­­­де. Бүгінгі телеарна мен әлеу­­­­­­­­меттік желілер жастарға өте үлкен зиянын тигізіп жатыр. Себебі олар ма­ман­дықты сүюді емес, жеңіл жолмен ақ­­ша табуды көп на­­­­сихаттап кетті. Жылына 20 миллион тон­­­­­на мұнай алу үшін жұмыс істеп жатқан бұр­­­­­­­­­­ғылаушы әншілер мен блогерлер, не­­­­­ болмаса спортшылардан мәр­тебесі биік.

Сондай-ақ болашақпен оқып келген жастарымыздың да әлеуетін толыққанды пайдалануымыз қажет. Бүгінге дейін шетел­­­­­­де білім алып келген жастардың өз са­ла­­­­­­сында өзгерістер енгізіп, алға сүйреп келе жат­­­­қанына куә боламыз деп үміт үз­бедік. Дегенмен қай салада болмасын, маман тапшылығы күн тәртібінен түспей келеді. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Кәмила ЕРКІН