Қайғылы оқиға 5 қазанда Галицкое ауылында болған.
Павлодар облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ағалы-інілі екі бала өлі табылды
712
оқылды

Павлодар облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ағайынды екі бүлдіршіннің денесі су қоймасынан табылды, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 қазанда Галицкое ауылында болған.

«Сағат 21:00 шамасында жұмыстан үйіне оралған әйел 7 және 8 жастағы екі ұлын таба алмай, учаскелік полиция қызметкеріне жүгінген», – делінген ПД хабарламасында.

Учаскелік инспектор басқа ауыл тұрғындарымен бірге балаларды іздеуге кіріскен.

«Сағат 23:00-де ауылдан 500 метр жердегі ауылшаруашылық алқаптарын суаруға арналған жасанды су қоймасынан балалардың зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіттері табылды. Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп атап өтті ПД өкілдері.

Полицейлер суару жүйесіне арналған гидротехникалық құрылыста қоршаулардың, дуалдың, жарықтандырудың, жеткілікті көлемде тыйым салу белгілерінің жоқтығын және адамдардың өміріне қауіп төндіретінін анықтады, сондықтан 277-бап (3-бөлігі) және 254-баптар, яғни абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу және қызметтік міндеттерін адал атқармау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев