Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
736
оқылды

Сайрам шағын ауданында ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар бүлдіршін 4-қабаттан құлап кеткен.

Қазір бүлдіршін Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр. Оған мидың шайқалуы, жіліншіктің жабық сынуы, іштің доғал жарақаты диагнозы қойылып отыр.

"Алдын ала болжам бойынша, бала москит торына сүйеніп, сонымен бірге құлап кеткен. Осы уақытта анасы басқа бөлмеде болған. Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар”, – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.