Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен оқ атқан ер адам ұсталды.
Алматыда терезеден оқ атқан 23 жастағы жігіт ұсталды
953
оқылды

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен оқ атқан ер адам ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті мәлім етті, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Алматы криминалдық полициясының қызметкерлері әлеуметтік желідегі дабыл бойынша жедел әрекет ету аясында Атырау облысының тұрғыны, 2000 жылы туған Х. есімді азаматты анықтады және ұстады. Ол тұрғын үй кешендерінің бірінің балконынан, анықталмаған тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан. Одан үш патроны бар «RETAY PT24» сигналдық тапаншасы тәркіленді»,  деп хабарлады департаменттен. 

Ведомство өкілдері Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлерімен ұсталған адамның әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде тапаншаны оқтап, аспанға қарай оқ атқан ер адамның видеосы тараған болатын. 

Фото: opennews.kz