Екінші балықшының денесі іздестіріліп жатыр.
Павлодар облысында екі балықшы суға батып кетті
729
оқылды

Павлодар облысында екі балықшы суға батып кетті. Олардың біреуінің мәйітін жергілікті тұрғындар судан алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-құтқару жасағының мәліметінше, екінші балықшының денесін іздестіріліп жатыр.

"8 қараша күні Тереңкөл ауданы Қызылтан ауылының маңында Ертіс өзенінің негізгі арнасында екі балықшы суға батып кетті. Іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 сүңгуірі, стационарлық эхолоты бар катер мен қайық тартылды",  делінген хабарламада.

Құтқарушыларға әкімдік, орман шаруашылығының өкілдері және жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр. 

Фото: yvision.kz