Жастардың үйлену тойы 14 қарашада өткен.
Жасыл алаңда ұсыныс жасаған: Спортшы мен әртіс шаңырақ көтерді
11,240
оқылды

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет пен актриса Нұрсұлу Ізбасарова шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жастардың үйлену тойы 14 қарашада өткен. Бұл туралы жұлдызды жұп әлеуметтік желідегі парақшаларында мәлімдеді.

Сейдахмет пен Ізбасарованың осыдан алты жыл бұрын танысқаны белгілі. Тамыз айының соңында футболшы сүйіктісіне ұсыныс жасады. Бұл маңызды оқиға Алматыда өткен «Астанамен» (1:0) ойында болды.

Инстаграмдағы Сейдахметтің парақшасына 100 мыңға жуық қолданушы жазылған. Ол сонымен қатар бірнеше жобада ойнаған.