Өткен жылы Кореяда тұтыну үшін ит өсіретін 3500-ге жуық ферма тіркелген.
Оңтүстік Корея иттің етін жеуге тыйым салады
1,308
оқылды

Оңтүстік Корея үкіметі 2027 жылға қарай иттің етін жеуді толық тоқтататын заң шығармақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Kazinform агенттігінің шетелдік дереккөзге сүйеніп жазуынша, президент әкімшілігі мен басқарушы партиясының өкілдері ит өсіру мен союға, сондай-ақ ит етін жеткізу мен сатуға тыйым салатын заң жобасын қарастыруға келісті.

Өз қызметін өзгертуге немесе тоқтатуға мәжбүр болатын кәсіпорындарға үкімет қаржылық қолдау көрсетеді.

Олар елдегі 3000-ға жуық мейрамхананы ит етімен қамтамасыз етеді.

Былтыр жүргізілген сауалнамаға сәйкес, елде 18 және одан жоғары жастағы адамдардың 64 пайызы ит етін жеу дұрыс емес деп санайды.