Аймақта түрлі ғимарат шатырларының ұшып кетуі, электр қуатының үзілуі, ағаштардың құлау фактілері тіркелген.
Павлодар облысының әкімі тұрғындарды сақ болуға шақырды
944
оқылды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңір тұрғындарынан мүмкіндігінше көшеге шықпауды сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық қызмет күштері табиғи апат салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Барлық жұмысты мүмкіндігінше жылдам орындаймыз. Сабыр сақтаңыздар», – деп жазды А.Байханов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Ол сондай-ақ ТЖД-да арнайы штаб құрылып, жедел желі телефоны: +7 7182 32 36 92 или 112, сондай-ақ 109 қызметінің нөмірі жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.