Яғни, 2024-2028 жыл аралығында 1,5%-дан 5%-ға дейін кезең-кезеңімен жұмыскерлерінің пайдасына зейнетақы жарнасын аудару басталады.
2024 жылдан бастап міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс беруші де аударады
3,718
оқылды

2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен 2024-2028 жыл аралығында 1,5%-дан 5%-ға дейін кезең-кезеңімен жұмыскерлерінің пайдасына аудару басталады.

Осылайша, зейнеткерлікке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етіледі.

Бұл шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады.

Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен құралады.