«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты тағы бір жазба жариялады.
«Жылап туған нәрестені түсік деп тіркеген»: Қымбат Досжан қазақ баласына қатысты тағы бір жазба жариялады
10,327
оқылды

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты тағы бір жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Балаң шетінеп кетті деп денесін де перзентханадан бермеген, жылап туған нәрестені түсік деп тіркеген. Тағы бір ана бүгін анализ тапсырды. Болжамды ана – Нұрилә», – деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ журналист бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласын әлеуметтік желіде туған күнімен де құттықтады.

«Достар, 17 қаңтар – менің туған күнім! Әлде мен туғанда менің орныма ауысқан баланың туған күні ме?.. Дегенмен 17 қаңтар құжат бойынша менің туған күнім, иә... туған күнім сияқты! 22 жасқа толдым! 22! Бұл менің сүйікті саным, Құдай маған кереметке, жаңалыққа толы жыл сыйлайды деп сенемін», – деп жазды  Жәнібек.