Оның жасы 26-да.
Павлодар облысында 12 күн бұрын жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды
742
оқылды

12 күн бұрын жоғалып кеткен екі баланың анасы табылды, - деп хабарлайды Aiqyn.kz.

VITA тергеу жасағы Instagram парақшасында жазғандай, әйелдің жасы 26-да.

"Баршаңызға рақмет! Полиция қызметкерлері тапты, әйел дін аман", - делінген еріктілердің жазбасында.

Еске салайық, Диана Сағынтаева 8 қаңтарда Қызылжар ауылындағы үйінен шығып, Павлодардағы жұмысына кеткен. Алайда жұмысқа да сол күні бармаған. Ұялы телефоны сөндірулі болған. Диана тұрмыста, екі кәмелетке толмаған баласы бар.