Айтуынша, Жәнібекті асырап алған бельгиялық әйел сол жақта отырып, электронды поштамен оның фотосын, барлық дерегін алып, дені сау екенінен хабардар болған.
«Қазір жақсы жұмыс істеп жүр»: Қымбат Досжан Жәнібекті шетелдіктерге сатқан адам туралы айтты
5,662
оқылды

Белгілі журналист, «Қазақ радиосындағы» «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан «Сұрауы бар» Youtube-арнасына сұхбат беріп, анасын іздеген Жәнібекке қатысты тың дерек айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, Жәнібекті асырап алған бельгиялық әйел сол жақта отырып, электронды поштамен оның фотосын, барлық дерегін алып, дені сау екенінен хабардар болған.

«Келгенде бізділер сұраған, жазған ақшасын алып келген. Сол ақшаны бір кісіге қолма-қол берген. Ол кезде ешқандай ақша аудару деген жоқ. Қолма-қол берген. Ол анық. Бірақ кімге, қанша бергені әзірге еш жерде айтылмайды. Бұл әзірге. Бұның бәрі ертең шығады. Ол үшін Бас прокуратура қайта пәрмен беріп, қайтадан іс қозғалу керек. Бұл жерде мен ұйымдасқан қылмыс туралы айтып отырған жоқпын. Редакциядағы мен және менің редакторым екеуіміз ғана адамды да, ақшаның көлемін де білеміз. Ол қазір жақсы жұмыс істеп жүр», - деді Қымбат Досжан.

22 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.