Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда қарулы топтардың біріне кірген.
«Террористік ұйымға қатысы бар»: қазақстандық азамат Түркиядан депортацияланды
632
оқылды

27 қаңтар күні халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті 22 жасар қазақстандық Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда қарулы топтардың біріне кірген.

Оны ұстауды және отанына беруді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен ұйымдастырды.

Ұсталғанға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.