Өтініш берушілердің тәжірибесі мен жасына байланысты жастар және мамандар санатындағы 7 позиция қолжетімді.
БҰҰ Халықаралық еріктілер лауазымына байқау жариялады
703
оқылды

БҰҰ-ның Халықаралық Еріктілері лауазымдарын иеленуге Қазақстан Республикасының азаматтары үшін байқау жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер (БҰҰ) бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен БҰҰ халықаралық еріктілерді қабылдауы туралы хабарлайды.

Волонтерлер ұзарту мүмкіндігі бар 1 жылдық келісімшартпен Кения, Таиланд және Түркиядағы БҰҰ-ның әртүрлі құрылымдық бөлімшелеріне жолданады.

"Өтініш берушілердің тәжірибесі мен жасына байланысты жастар және мамандар санатындағы 7 позиция қолжетімді. Волонтерлерді іріктеу бойынша барлық рәсімдер БҰҰЕ регламентіне сәйкес 14 ақпанды қоса алғанда жүзеге асырылады", – деп жазды Мәдениет және ақпарат министрлігінен.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасы арасында қазақстандық волонтерлердің БҰҰ халықаралық волонтерлері ретінде қатысуын көздейтін Келісім жасалғанын атап өткен жөн. 

Осы уақыт ішінде 7 қазақстандық БҰҰ құрылымының әртүрлі бөлімшелерінде өздерінің волонтерлік қызметін жүзеге асырды. Келісімшарттары аяқталғаннан кейін 6 қазақстандық ерікті БҰҰ-ның дүниежүзіндегі бөлімшелерінде жұмыс істеуге шақырылды.