«Қазавиақұтқару» тікұшақпен санитарлық авиация желісі бойынша 2023 жылы 270-тен астам адамды тасымалдады. Бұл туралы Aikyn.kz ТЖМ авиациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бір жылда тікұшақпен 270-тен астам науқасқа көмек көрсетілді
Фото: ТЖМ-нен алынды
868
оқылды

Санитарлық авиация желісі бойынша «Қазавиақұтқару» әуе кемелерімен 2023 жылы 276 адам тасымалданды. Шұғыл медициналық эвакуациялауды қамтамасыз етті.

Құтқарушылар тобы медицина қызметкерлерімен бірлесіп 12 консультация жүргізіп, уақтылы медициналық көмек көрсетіп, 21 ота жасады. 49 адам төтенше жағдай орындарынан сәтті эвакуацияланып, авиациялық команданың жоғары біліктілігі мен шеберлігін көрсеткенін айта кеткен жөн.

– Бұл жетістіктер ТЖМ авиациясының Қазақстан аумағында қауіпсіздік пен медициналық көмекті қамтамасыз етуде маңызды және қажет екенін көрсетеді. «Қазавиақұтқару» ТЖМ авиациясы қоғамға қызмет ету мүмкіндігін мақтан тұтады және ең қиын жағдайларда медициналық көмек пен өмірді құтқаруды қамтамасыз етудегі маңызды миссиясын жалғастырады, – деді «Қазавиақұтқару» ТЖМ авиациясының бас директоры Дәулет Мәмеков.

Қазіргі уақытта «Қазавиақұтқару» әуе паркінде 30 әуе кемесі бар. Өткен 2023 жылы 2 305 ұшты. 

ТЖМ желісі бойынша 986 ұшу сапары орындалды. 

Бұған дейін «Айқын» газетінде «Жел біле ме ұшарын, ел біле ме?» деп осы саладағы мәселені жазған болатынбыз.