Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Атырауда үш адамның өліміне кінәлі түрік азаматына сот үкімі шықты
1,125
оқылды

Атырау соты адам өліміне әкеп соқтырған жол апатына кінәлі деп танылған Түркия азаматына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шетелдік бес жыл түрмеде отыратын болды.

"Мой город" басылымында жазылғандай, Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Махамбет аудандық сотының Түркия азаматына қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырды. Үш адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзған шетелдік кінәлі деп танылды.

Сот түрік азаматының жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережелерін бұзғаны анықталды. Оның әрекетінің салдарынан апат болып, адамдар қаза тапқан.

Бірінші инстанция шетелдікті бес жылға бас бостандығынан айырды, сонымен қатар жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Сотталушының адвокаты үкімге қарсылық білдіргенімен, Атырау облыстық сотының сот алқасы түрік азаматының жазасын жеңілдетпеді. Сотталушы өз кінәсін мойындап, тергеу органдарымен процессуалдық келісімге келген.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында адам өліміне әкеп соқтырған автобус жүргізушісі екі жылға бас бостандығынан айырылған еді.