Алматыда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтетін XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына ұлттық құраманы ресми шығарып салу рәсімі өтті.
Спортшылар Сурдлимпиадаға аттанды
744
оқылды

ХХ қысқы Сурдлимпиада ойын­дары 2-12 наурыз аралығын­да Түркияның Эрзурум қаласында өтеді. Дүбірлі додаға 36 мемле­кет­тен мыңға жуық спортшы қатыса­ды. Жарыста тау шаңғысы, сноу­борд, шаңғы жарысы, шахмат, фут­зал және керлинг спорт түрле­рінен 34 комплект медаль ойна­тылады.

Қазақстан тарапынан қысқы ойындарға шахмат, сноуборд және шаңғы жарысынан 26 спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде ел на­мысын шахмат жарысы бойын­ша астаналық сурдо спортшылар Әлия Мұратова мен Сұлтан Қо­жах­метов қорғайды. 

Шара барысында қысқы Сур­длимпиада ойындарының ашылу салтанатына еліміздің Туын ұстап шығу мәртебесі шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері елордалық Сұлтан Қожахметовке тапсырылды. Спортшыға Туды Сиднейде өткен жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ерма­хан Ыбрайымов табыс етті.

«Шахматпен айналысқаныма 10 жылдан астам уақыт болды. Биыл алғаш рет қысқы Сурдлим­пиада ойындарына қатысқалы тұрмын. Бұл жарыста еліміздің Туын ұстап шығу үлкен абырой. Ел үмітін ақтап, үздіктер қата­рын­да болуға барлық күш-жігерімді саламын!» – деді Сұлтан Қожах­метов.