Тележүргізуші сағынышын жеткізіп, алғысын білдірді.
Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі туралы әсерлі жазба жариялады
Фото: instagram.com/sultankyzy
1,706
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуімен бірге өткізген сәттерін есіне алып, жазба жариялады.

Жазбасында өмірден өткен жолдасымен түскен бұрынғы суретін жариялап, ол кезінде өзіне үнемі қолдау көрсеткенін айтқан. Тележүргізуші марқұм күйеуіне деген сағынышын жеткізіп, алғысын білдірді. 

«Бұл сурет өзіме ыстық болғанымен, қараған сайын жүрегім ауырады. Жақындар, дос-жарандар осы фотоны қойып, көңіл айтқан еді. Ең бақытты сәттеріміздің бірі. Бірінші кезекте мені қорғап, қолдап, еркелетіп, жанарымдағы отты сөндірмеген азаматыма алғысым шексіз. Жатқан жерің жайлы болсын, Қайрекем», – деп жазды тележүргізуші Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде.