Таразда әйелдерге арналған жиын өтті.
Ләйлә Сұлтанқызы сахнада көз жасына ерік берді
Фото: видеодан кадр/instagram.com/sultankyzy
2,312
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әйелдерге арналған форумда көз жасына ерік берді.

Ол жиында отбасы, жалғыз қалған әйелдердің жай-күйі туралы сөз қозғаған.

«Ал отбасы бар, алдында бала-шағасы жүгіріп жүрген… » деген сөзге келгенде демім жетпей қалды. Мен сағаттап медиа саласы, жеке бренд, әйел тақырыбында ой тарқата аламын, білесіздер. Бірақ кеше Таразда өткен әйелдерге арналған @senforum -да түрлі жағдайлардан кейін жалғыз қалған әйелдердің мұңы, жалғыздықпен күресі туралы ой қозғадым. Иә, арасында ішіміздегіні шығара отырып, біраз жеңілдеп қалдық», - деп жазды тележүргізуші.