Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 21%-ды құрайды.
Жауын-шашын: келесі аптада ауа райы қандай болады?
9,780
оқылды

«Қазгидромет» РМК 6-12 сәуірге гидрологиялық болжам ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 21%-ды құрайды.

2024 жылғы 6-12 сәуірдегі синоптикалық болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде жауады. Түнде жауын-шашынның жаңбырдан қарға ауысуы: 7, 9-12 сәуірде Павлодар, еліміздің шығысында (Абай және Шығыс Қазақстан облыстары), 8 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, 8-11 сәуірде Қостанай, республикамыздың солтүстігінде (Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары), 9-12 сәуірде Қарағанды облысында, 11 сәуірде Ұлытау облысында күтіледі. Қатты жаңбыр 6 сәуірде Батыс Қазақстан облысында, 6-7, 11-12 сәуірде Алматы облысында, 6, 9 сәуірде Түркістан облысында, 6, 9, 11 сәуірде Жамбыл облысында, 8 сәуірде еліміздің орталығында (Ұлытау, Қарағанды облыстары), 9, 11-12 сәуірде Жетісу облысында күтіледі. Еліміздің шығысында (Абай, Шығыс Қазақстан облыстары) 9-10 сәуірде қатты жаңбыр, 11-12 сәуірде қатты жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады) болжанады.

Еліміздің батысында 9 сәуірден, солтүстік-батыста 11-12 сәуірден, республиканың солтүстігінде және Ұлытау облысында 12 сәуірден бастап жауын-шашынның тоқтауы күтіледі.

Ауа температурасы солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, еліміздің орталығында түнде 0-5 жылыдан 1-6 аязға дейін, күндіз  12-20 жылыдан 3-10 жылыға дейін біртіндеп төмендейді. Батыста ауа температурасы күндіз 10-15 жылыдан 20-25 жылыға дейін жоғарылайды. Ауа температурасы оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 3-8-ден 5-10 жылыға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 17-25 жылыға дейін, таулы аймақтарда түнде 2 градус аяз-3 градус жылы, күндіз 5-10-нан 7-17-ге дейін ауытқиды.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.