10 сәуір – Ораза айттың бірінші күні.
Мәулен Әшімбаев: Бұл мейрам – күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі
571
оқылды

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Сенат спикері өзінің құттықтауын Facebook-тағы парақшасында жариялады.

– Құрметті достар!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан айының аяқталғанын білдіретін бұл мейрам – күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі.

Айт күндері мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты ізгі құндылықтардың маңызы еселене түседі. Адамдар бір-біріне көмек қолын созып, қасиетті айды игі істермен жалғастырады. Мұндай үрдіс елдің береке-бірлігін арттыратыны анық.

Биылғы Ораза айт еліміз үшін үлкен сынақпен қатар келіп отыр. Осындай сын-сағатта халқымыз қайырымдылық танытып, тасқыннан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына қолдау білдіріп, ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетіп отыр. Бұл – имандылық пен адамгершіліктің жарқын көрінісі.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан да табиғи апаттың салдарын жою үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Азаматтарымыздың бекем бірлігі мен парасатының арқасында көп ұзамай бұл сынақты да еңсереміз деп сенеміз.

Ұлық мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, әр отбасына амандық және елімізге тыныштық тілеймін!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!, – деп жазды Мәулен Әшімбаев.