Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта әлем чемпионы атанған.
Ризабек Айтмұхан Азия біріншілігінің жүлдегері атанды
Фото: ҰОК
2,696
оқылды

Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

97 келі салмаққа ауысқан Айтмұхан осы салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновке финалда есе жіберді. 

Ризабек пен Ахмед осымен екінші рет кездесіп отыр. Бұған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов басымдық танытқан.

Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта әлем чемпионы атанған. Ол жаңа маусымды олимпиадалық салмақта бастап отыр.