Өзі де ешкімнен қарыз алмайтынын айтады.
Әнші Тамара Асар ешкімге қарыз бермейтінін айтты
Фото: khabar.kz
2,931
оқылды

Әнші Тамара Асар ешкімге қарыз бермейтінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның өзіндік себебі бар екен. Әнші қарыз адамдар арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіреді деп есептейді. Өзі де ешкімнен қарыз алмайтынын айтады.

"Мен қарыз алмаймын, қарыз бермеймін. Бала күнімнен әкем санама солай сіңірген. Қарыз бермеймін. Бірақ ол маған жақын адам болса, қарызға сұраған соманың жартысын сыйға беремін. Қарыз бергенде қарым-қатынас бұзылып кетеді. Несием жоқ", –  деді өнер иесі.