Ғалымдар шөл далада тұрған Египеттегі пирамидалардың қалай салынғанының құпиясын зерттеді.
Ғалымдар Египет пирамидаларына қатысты тағы бір құпияның бетін ашты
Tripster
1,267
оқылды

Олар ежелгі египеттіктердің шөл далада мұндай құрылысқа материалдарды қайдан әкелгенін анықтады, – деп жазады Aikyn.kz.

Stan.kz ақпарат агенттігі  BBC басылымына сілтеме жасап жазғандай, Египет пирамидаларының басты құпияларының бірі – олардың көптеген тас блоктарды қалай, қайдан тасымалдағаны. 

Уилмингтондағы Солтүстік Каролина университетінің ғалымдар тобы пирамидалар Ніл өзенінің жағалауында салынған болуы мүмкін екенін анықтады.

Алайда қазір бұл аумақ шөл мен құмға толы. Дегенмен ғалымдар бұрын бұл жерде өзен болғанын, кейін жоғалып қазір Сахара құмдары ауылшаруашылық жерлерінің барлығын басып тастағаны алға тартты. Осылайша ғалымдар көптеген жылдар бойы ежелгі мысырлықтар пирамидаларды салу үшін материалдарды жақын маңдағы өзендер мен арналар арқылы тасымалдаған деп болжады.

Ежелгі арнаның нақты қай жерде орналасқандығы туралы түсінік алу үшін халықаралық зерттеу тобы жер бедерінің спутниктік суреттерін, тарихи карталарды, геофизикалық сипаттамаларды және шөгінді ядроларды зерттеді.

NASA-ның америкалық ғарыш агенттігінің радиолокаторын қолдану арқылы зерттеушілер жер бетіндегі құм жамылғысына тереңірек еніп, оның астындағы рельефтің фотосуреттерін анықтай алды.

"Бұл өзен рельефтің бір бөлігі Египет пирамидаларының басым көпшілігі орналасқан жерде болған. Мұнда тартылған өзендер мен ежелгі құрылымдар болды", – деп түсіндіреді зерттеу авторларының бірі, профессор Эман Гонейм.

Ғалымдар Ахрамат деп аталатын Нілдің бұл саласының ұзындығы шамамен 64 шақырым, ал ені 200-ден 700 метрге дейін болды деген қорытындыға келді. Ол 4,7 мыңнан 3,7 мың жыл бұрын салынған Гиза пирамидаларының жанында орналасқан. Ежелгі мысырлықтардың өмірі Ніл өзенімен тікелей байланысты болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.