Дәрігерлер баланың жағдайын орташа ауыр деңгейде деп бағалады.
Екібастұзда 3 жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
950
оқылды

Екібастұзда үш жастағы бала терезеден құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы орташа ауыр деңгейде, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оқыс оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

«Бала үйдің үшінші қабатынан құлаған. Жедел жәрдем бригадасы жеделділіктің бірінші дәрежесі бойынша шығып, төрт минутта оқиға орнында болды. Зардап шегуші Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды», – деп мәлімдеді өңірлік жедел жәрдем қызметкерлері. 

Баланың жағдайы орта ауыр деңгейде, тұрақты, – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.