Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Павлодарда терезеден құлап кеткен әйел ағашқа ілініп қалған
1,157
оқылды

Павлодарда 34 жастағы әйел терезеден құлап, ағашқа ілініп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары пәтерден құлаған әйелге көмекке келді.

Павлодар облысының Ақсу қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің жанында құтқарушылар күшімен үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылғы әйел ағаштан түсірілді.

Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен көтеріліп, құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ өкілдері төтенше  жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалу қажет екенін ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.