Бейнежазбадан спортшы тікелей эфирде бойжеткенмен диалог құрып, сөз таластырғанын көруге болады.
«Күйеуіңді патшадай күтсең, қол көтермейді»: Қуат Хамитовтың қыздарға айтқан кеңесі қызу талқыға түсті
Фото: instagram.com/kuat__khamitov
3,156
оқылды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың TikTok-та қыздарға кеңес айтқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Бейнежазбадан спортшы тікелей эфирде бойжеткенмен диалог құрып, сөз таластырғанын көруге болады. 

Файтер тәрбиелі қызға ғана үйленемін деген пікірде. Оның айтуынша, әйел күйеуіне қызмет етіп, ер-азаматын Құдайындай сыйлауы керек.

«Құдай қаласа, болашақта қызым болса, мен оған барынша жақсы тәрбие беремін. Қызыма «Егер Алладан басқа біреуге табынуға рұқсат етілсе, ол күйеуің болуы керек. Егер жұмаққа кіргің келсе, алдымен күйеуіңе қызмет ет, сен үшін күйеуің – барың» деп айтамын. Күйеу – сенің екінші Құдайың, оны қолда және сүй. ...Әйел тыныштық сыйлайды. Жұмыстан көңіл күйің болмай, шаршап келгенде, әйел әдемі киіммен, дәмді тамақпен күтіп алса, онда бәрін ұмытып, отбасыңнан күш аласың. Жұмыстан үйге асығып тұрасың. Күйеуіңді патшаны күткендей күтсең, ол саған қол көтермейді», - дейді спортшы.

Спортшының сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оны даттап жатқандар да,  қолдап жатқандар да бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.