Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссияның төрағасы Марат Бәшімов Kazinform тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тарту жөнінде ұсыным қабылдағандарын растады.
Президент жанындағы комиссия Кәрім Мәсімовке кешірім бермеуді ұсынды
Фото. orda.kz
1,159
оқылды

Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссияның төрағасы Марат Бәшімов Kazinform тілшісіне  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тарту жөнінде ұсыным қабылдағандарын растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айта кету керек, бұл туралы Мәжіліс депутаттары Facebook-тегі парақшаларында жазған болатын.

«Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссия Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты», - деп жазды Абзал Құспан.

Дәл осындай мәліметті Мәжілістің тағы бір депутаты Марат Бәшімов Facebook-те жазды.

«Кешірім жасау жөніндегі комиссия өтті. Комиссияның соңғы отырысында кешірім беру туралы кейбір материалдар алдын ала қаралды. Мерзімді екі жылға қысқарту жолымен кейбір оң ұсынымдар қаралды. Журналистердің К.Мәсімовке кешірім беру туралы сұрағына айтарым, комиссия оның өтінішінен бас тартуды ұсынды», - деп жазды заңгер депутат.

Марат Бәшімов – аталған комиссияның төрағасы. Депутат Kazinform тілшісіне комиссияның ұсынымы түпкілікті шешім емес екенін айтты.

«Конституцияда 44-баптың 15-тармағын қарасаңыздар, айтылған. Азаматтарға кешірім беру туралы түпкілікті шешімді Президент қабылдайды. Біз Кәрім Мәсімовтің кешірім беру туралы өтінішін комиссияның соңғы отырысында өзге де бірнеше мәселемен бірге қарадық және кешірім беруден бас тарту туралы ұсыным қабылдадық. Президент түпкілікті шешім қабылдаған кезде осы ұсынымды да ескереді», - деді Марат Бәшімов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.