Компанияға 243,6 миллион доллар айыппұл салынды.
Екі ұшақ апатына қатысы бар: Boeing компаниясы кінәсін мойындады
www.istockphoto.com
1,517
оқылды

Boeing 2018-2019 жылдары болған 737 Max ұшақтарының адам өліміне әкеліп соққан апатына байланысты іс қозғалған.  Олар АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігіне жалған ақпарат бергенін мойындады, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

NDTV телеарнасының хабарлауынша, корпорация ақша үнемдеу мақсатында 2024 жылдың 8 шілдесінде АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігіне 737 Max ұшақтарында бағдарламалық жасақтама туралы жалған ақпарат берген. Енді кінәсін мойындаған компания 243,6 миллион доллар айыппұл төлеуі тиіс. Одан бөлек, үш жыл ішінде өз ұшақтарының қауіпсіздігін арттыру үшін кем дегенде 455 миллион доллар инвестициялауы керек.

«Судьяның мақұлдауын талап ететін кінәсін мойындау туралы келісім авиакомпанияны 2018 және 2019 жылдардағы бес айлық кезеңдегі Индонезия мен Эфиопияда 346 адамның өмірін қиған ұшақ апаттарына байланысты қылмыскер етеді», – деп жазады канал.

Оның үстіне, кінәні мойындау компанияның АҚШ Қорғаныс министрлігі және NASA сияқты ұйымдармен тиімді мемлекеттік келісімшарттар жасау қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Boeing-ке қатысты қылмыстық айып тағуды АҚШ прокурорлары Әділет министрлігіне 2024 жылдың 25 маусымында ұсынды. Ведомствода корпорацияға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы шешім 2024 жылғы 7 шілдеге дейін қабылдануы тиіс еді.

Айта кетейік, 2018 жылы Boeing 737 MAX лайнері Индонезияда, ал 2019 жылы Эфиопияда апатқа ұшырады. Екі жағдайда да ұшқыштар ұшуды басқарудағы қиындықтар туралы хабарлады.