Өнер иесі Анна Данченкоға сұхбат беріп, экс продюсердің ел білмейтін мінезін жайып салды.
Қатал продюсер: Алмас Кішкенбаев экс-продюсері Ләйлә Сұлтанқызымен жұмыс істеген кезін есіне алды
298
оқылды

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев өзінің сахнаға шығуына ықпал еткен тележурналист Ләйлә Сұлтанқызымен қарым-қатынасын айтып берді, деп хабарлайды Aikyn.kz

“Ләйләмен келісімшартты бес жылға жасаттық. Алайда оны ұмытып кетіппіз. Алты жылдан кейін келісімшарттың аяқталғанын айттым. Өзім жеке жұмыс істегім де келген шығар. Ренжігені рас. Бірақ менің ұсынысыма келісетінін айтты. Сосын бейнебаян түсіріп, баспасөз конференциясын жасадым. Оған Ләйләні да шақырдым. Бейнебаянды көріп болған соң Ләйләнің өзі сөз бастады. "Біздің бірге жұмыс істемейтінімізге бір ай болды. Бұл Алмастың жеке алғашқы жұмысы" деді. Сол кездері бәрі продюсерлерімен ренжісіп, кетіп жүрген еді. Ләйләда реніш болмады емес, болды. Әрине, қаншама еңбек... Бірақ кейіннен жақсы қарым-қатынаста қалдық. Қатал продюсер болды деп айта аламын. Оны өзі де білетін шығар?! Ол кезде студентпіз. Сабаққа бармай қалсам, телефон соғып тұратын. Себепсіз сабақтан қалғанды ұнатпады. Қайдан біліп қоятынын білмеймін, "сен неге сабаққа бармадың?" деп тұтқаның ар жағында тұратын. Ол кезде 19 жаста едім. Әрине, оның бәрі бақылау ғой, ол болмаса да қиын. Қатты ұрыспайды, бірақ зілді сөзінен жылап та қалушы едім. Көп ұзамай “Жаным-ау” деп қайта хабарласатын. Мен ойлаймын ол кісі жұмыста ғана қатал, өмірде жүрегі жұмсақ, мейірімді адам”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі ел арасына тарап кеткен жеке өміріне қатысты сұраққа да жауап берді. 

“Екінші рет үйленіп, ұлды болғаным – жалған ақпарат. Екі қызым бар. Алдағы уақытта жеке өмірімді айтамын ба, жоқ па, уақыт көрсетеді. Ол адам белгілі бір ортада өз айналасына және өз саласы бойынша бүкіл әлемге танымал. Осымен бұл тақырыпты жауып қояйық”, – деп қысқа қайырды эстрада жұлдызы.