«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында Парламент Мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспанның қатысуымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті.
Депутат қоғамдық қабылдау өткізді
1,158
оқылды

Қабылдауға тұрғындар өздерінің жеке басындағы кейбір мәселелерді айта келді. Сонымен қатар тұрғындардың құқықтық білім деңгейін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Қабылдауға келген тұрғындар бо­­ры­шкерден алимент өндіру, жалған желеумен алдану (алаяқтық), азаматтардың өз құқығын қорғау, жер және тұрғын үй сияқты мә­селелерін көтерді. 

Тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында оларға құқықтық көмек көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ бірқатар күрделі жағдайлар бойынша алдағы уақытта мәжіліс төрінде арнайы мәселе көтеріп, шешілудің жолдары қарастырылатыны айтылды.

Берік БЕК