Төрешілер есебі: 5-0.
Париж-2024: Назым Қызайбай ширек финалға шықты
Фото: Туризм және спорт министрлігі
2,237
оқылды

Тәжірибелі боксшымыз Назым Қызайбай (50 келі) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия)  айқын басымдықпен тізе бүктірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Төрешілер есебі: 5-0.

Енді ширек финалда Назым Түркия/Мексика өкілінің бірімен кездеседі.

Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы. Каролайн Барбоза  былтыр Панамерика ойындарының жеңімпазы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.