Түркияда қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады, оқиғаға 4 қазақстандық қатысқан.
Түркияда қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады: СІМ жолаушылардың жағдайы туралы айтты
Фото: orda.kz
813
оқылды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы қандай екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Түркияда қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады, оқиғаға 4 қазақстандық қатысқан. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандық жолаушылар аман-есен және медициналық көмек қажет етпейді. Апатқа ұшыраған автобус Бодрум-Мугла тасжолында болған, оқиға нәтижесінде кем дегенде 13 адам жараланған.

"Түркияда шетелдік туристерді тасымалдаған шағын автобустың қатысуымен жол апаты болды. Жолаушылардың арасында 4 қазақстандық болды. ҚР консулының ақпаратына сәйкес, отандастарымыз аман-есен, медициналық көмек қажет етпейді. Қазіргі уақытта олар өз қонақүйінде", - деп хабарлады Айбек Смадияров nur.kz тілшісіне.

Еске сала кетсек, бұған дейін шетелдік БАҚ Түркиядағы Бодрум-Мугла тасжолында туристер мінген автобус апатқа ұшырағанын хабарлады. Басылымдар автобуста Қазақстан мен Ресейден келген туристер болғанын және кем дегенде 13 адамның жараланғанын жазған болатын.