«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қолға алынған «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда.
Қоршаған ортаға қамқорлық керек
774
оқылды

Оның аясында партия мүшелері мен еріктілер қауымы әр бейсенбі сайын елді мекендерде тазалық жұмысын өткізіп, табиғатты қоқыстан тазартып, қоғамдық орындарда абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

6 маусымнан бастап аманаттықтар және белсенділер тобы жол бойындағы аумақтар, өнеркәсіптік аймақтар, тұрғын аудандар мен әлеуметтік нысандарды қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны абат­­­тандыруға күш салуда. Бүгінге дейін партия мүшелері 6 мың тоннаға жуық қоқыс жинады, ал ел бойынша акцияға 43 мың адам қатысты. Сондай-ақ 100-ден ас­там өзен, көл және су айдыны қоқыстан тазартылды.

Ұлытау облысында аманаттықтар мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсен­ділері бүгін Жезқазған қаласындағы Қу­ғын-сүргін құрбандарына арналған ес­­­керткіш маңын күл-қоқыстан тазалады. Ал Ұлытау ауданының тұрғындары пар­­тияның аудандық филиалының қызмет­­­керлерімен бірге Халықтар тұтас­­­тығы мен бірлігі монументі маңайында тазалау жұмысын жүргізді. 

«Біз үшін «Таза бейсенбі» акциясына қатысу – тек тазалық жұмыстарын жүргізу емес, сонымен қатар қоршаған ор­таға қамқорлық танытып, қоғамға үлес қосу. Әр бейсенбі сайын, біз бірлесіп, өзіміздің туған жерімізді тазартып, келер ұрпаққа таза табиғат қалдыруға тыры­самыз. Бұл жоба арқылы адамдардың экологиялық жауапкершілігі артып, қор­шаған ортаға деген көзқарасы өзгеретініне сенемін», – деді акцияға қатысушы во­лонтер Дамира Есмұратова.

Игі істен «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы да шет қалған жоқ. Мұнда облыстық партия мүшелері, еріктілер және «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Явленка ауылының маңындағы Есіл өзенінің айналасын күл-қоқыстан та­зартты. Акцияға қатысушылар 1 тон­надан астам қоқыс жинады.

Ал Жамбыл облысында іс-шараға қа­тысушылар Байзақ ауданындағы «Даңғыл ата» кесенесінің маңын тазалады. Экоак­цияға партияластардан бөлек, аудан бас­шылары мен депутаттар қатысты. 

«Іс-шара барысында Бурыл ауылдық округіндегі «Даңғыл ата» кесенесі маңын тазалап, айналасын абаттандырдық. Сондай-ақ Бурыл төбесі аймағындағы қоқыстарды жинадық. Баршаңызды таза­лық сақтауға және тазалық жұмыстарын бірге жүргізуге шақырамыз», – деді пар­тияның Байзақ аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева.

Сонымен қатар Қарағанды облысы Саран қаласында партияластардың кү­­­­шімен Жеңіс монументінің алаңын та­­­зар­­ту ұйымдастырылды. Саябақ аумағын ретке келтіруге 130 адам атсалысты. 

Ұқсас іс-шаралар елдің басқа өңір­лерінде де өтті. Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер мен бастапқы партия ұйым­дарының басшылары бекітілген. Олар сол учаскелерде тәртіп пен тазалықты қамта­масыз етеді, сондай-ақ қоқыс жә­шіктерін орнату, аумақтарды көгал­­дан­дыру, жолдар мен тротуарларды жөн­­­­­деу сияқты ин­фрақұрылымды жақ­­сарту мен дамыту мәселелерін ше­шеді. Жалпы, акция эко­­логиялық мәдениетті арт­­тырып, елі­міздің әрбір азаматын қор­ша­ған ортаға жауап­кер­­­шілікпен қарауға шақыруды көздейді.

Берік БЕК