Боксшыны туыстары мен жанкүйерлері салтанатты түрде күтіп алды.
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды
Фото: KAZ.NUR.KZ
4,700
оқылды

Париж Олимпиадасында әйелдер боксынан 50 келі салмақта жұдырықтасып, қола жүлдегер атанған Назым Қызайбай елге оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Боксшыны Алматы әуежайында туыстары, жанкүйерлері, достары мен БАҚ өкілдері салтанатты түрде күтіп алды.

Спортшы әуежайға келіп, домбырамен ән салып, шашу шашып қарсы алған жақындары мен жанкүйерлеріне алғысын білдірді. 

– Жеңіске жеткенімді енді ғана сезініп жатырмын, халық өзі күтіп алып жатыр. Барша жанкүйеріме мың алғыс. Барлық жағынан қолдаулары сезілді. Бүкіл қазақ елі сенімін білдірді. Бауырларым, ата-анам, әкемнің ауылдастары да маған үлкен сенім артты. Сондай-ақ италиялық жанкүйерлер қолдау көрсетті, – деді боксшы Назым Қызайбай.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.