Төрт жігіт досын "Гей Шымкент" тобына қосылғаны үшін ыстық үтікпен азаптаған.
"Иығына үтік басып, 500 мың теңге сұраған": Шымкентте бір топ жігіт досын азаптаған
Фото: pinterest
1,254
оқылды

Төрт жігіт досын "Гей Шымкент" тобына қосылғаны үшін ыстық үтікпен азаптаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz “Метро” Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Олардың мәліметінше, төрт жігіт досының аталған топтың мүшесі екенін біліп, оны аяусыз азаптаған.

"Шымкентте бір топ жігіт досының "Гей Шымкент" тобының мүшесі екенін біліп, оны шақырып, аяусыз азаптаған. Олар пәтер жалдап, "досын" сол жерге шақырып, иығына ыстық үтікті басқан. Сондай-ақ қолын, аяғын орындықпен және басқа да заттармен ұрып-соғып азаптаған.  Қорқытып, “педофилия жасадым” деген сөзді айтқызып, видеоға түсіріп, 500 мың теңге бопсалаған", – делінген ақпаратта.

Жәбірленуші қажетті соманы төлеуге уәде беріп, босап шыққан соң полицияға хабарлаған.

"Нәтижесінде, сот айыпталушының бұрынғы соттылығын ескере отырып, ең белсенді екі қатысушыны 4,5  және 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Қалған екі сыбайлас 3 жыл мерзімге пробациялық бақылауға алынды", – делінген сот хабарламасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.