Оқиға 28 тамыз күні болған.
Павлодарда 1 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
546
оқылды

Павлодар қаласында 1 жасар бүлдіршін бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Ол облыстық аурухананың травмотология бөліміне жатқызылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, алған жарақат салдарынан баланың миы шайқалған.

«28 тамызда сағат 16:20-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне бесінші қабаттан құлау салдарынан зардап шеккен 2022 жылы туған бала жеткізілді. Бала жабық ми жарақатын алды, миы шайқалды», – делінген ресми ақпаратта.