Қайғылы оқиға Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолында болған.
"Жүргізуші тірідей өртеніп кетті": БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды
360
оқылды

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты салдарынан ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz mgorod.kz  порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні шамамен сағат 13.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолында болған.

– Алдын ала болжам бойынша, Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Subaru-мен соқтығысқан, – делінген облыстық ПД хабарламасында. 

Жол апаты салдарынан Volkswagen жанып кетті. Салонда отырған жүргізуші де тірідей өртеніп кеткен. Ал Subaru-да отырған жолаушы оқиға орнында мерт болды. 

Subaru-дың жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.