Ол қандай да істі қолға алғанда, шешім қабылдарда күйеуінен рұқсат сұрайтынын, алайда қазір бұл қоғамда бұрыс саналатынын айтады.
«Анамды үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын»: Жазира Байырбекова отбасы құндылығы туралы айтты
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova
4,427
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасы құндылығы жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ол қандай да бір істі қолға алғанда, шешім қабылдарда күйеуінен рұқсат сұрайтынын, алайда қазір қоғамда бұл бұрыс саналатынын айтады. 

"Менен көбі отбасы құндылығын сақтаудың құпиясын сұрайды. Оның нақты формуласы жоқ. Мысалы, үйленгенімізге 28 жыл өтсе де анамды үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын. Үйге қонақ шақыратын кезде, біреуге үлкен сыйлық жасайтын кезде, бір жаққа баратын кезде де солай. Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім дұрыс емес дейді. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінбей қалдық, шыны керек", - деп жазды Жазира Байырбекова. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.