Он күн бұрын Бесшоқы ауылындағы №8 мектептің 500-ге жуық оқушысы астан ұшынған болатын.
Маңғыстау облысында оқушылар асхана қызметкерлерінен ауру жұқтырған
1,506
оқылды

Маңғыстау облысындағы оқушылардың нақты неден уланғаны белгілі болды. 460 бала ыстық тамақты пісірген және таратқан асхана қызметкерлерінен ауру жұқтырған. Қызметкерлерден стафилококк таяқшалары анықталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Мектеп асханасында жұмыс істейтін 10 қызметкер мен бір мейірбике және кәсіпкердің өзі бактериология тексерісінен өткен. Нәтижесінде алты адамнан стафилоккок таяқшалары анықталыпты.

Тексеру барысында төрт асхана қызметкерінің жеке медициналық құжаты жалған болып шықты. Қазір осыған байланысты полицейлер қылмыстық іс қозғады.

Еске салсақ, осыдан он күн бұрын Бесшоқы ауылындағы №8 мектептің 500-ге жуық оқушысы астан ұшынған. Бірінші ауысымда оқитындар мектепте тегін берілетін тамақты ішкен соң, қызуы көтеріліп, интоксикация белгілерімен ауруханаға бір үйден тіпті екі-үш баладан түскен еді.

– Мектеп асханасының қызметкері, ыдыс жуушы дизентерия бактериясын тасымалдаушы екені зертханада дәлелденді. Сонымен қатар осы қызметкердің балаларға ас таратушысы болып қызмет атқарып, тамақты ластағаны дәлелденді. Бұл жөнінде облыстық прокуратураға және облыстық Ішкі істер департаментіне хат жолданды, – деді Маңғыстау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров.