Сот үкімі заңды күшіне енді.
Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 117 миллион теңгені жымқырған
467
оқылды

Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

Нақтырақ айтқанда, Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.

– Аталған факт облыс прокуратурасы мен тергеліп, нәтижесімен қылмыстық іс ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолданды.

Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған, бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.