Қазақстанның басым бөлігінде жоғары қысым өрісінің әсерінен құрғақ және жылы ауа райы күтіледі.
Жаңбыр, тұман, дауыл: 1 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
639
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 1 қазанда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде жоғары қысым өрісінің әсерінен құрғақ және жылы ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттары бар елдің оңтүстігінде ғана найзағаймен жаңбыр жаууы күтіледі. Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейеді, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда   тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау  облысының  шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде,  Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде,  орталығында, Маңғыстау облысының шығысында,  Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының шығысында, орталығында өрт қаупі сақталады. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының  солтүстігінде  жоғары өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында,  Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының  батысында, солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында,  Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.