Жаңа маршруттың Қазақстандағы учаскесі Өскемен қаласынан Ресей шекарасына дейінгі аралықта салынып қойған.
Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынады
Фото: istockphoto.com
3,051
оқылды

Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа автомобиль жолын салу мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Көлік министрлігінің мәліметінше, автожолдың жаңа бағыты Өскемен, Риддер қалалары және Туэкта (Ресей) елді мекені арқылы өтіп, Моңғолия шекарасына шығады.

Жаңа маршруттың Қазақстандағы учаскесі Өскемен қаласынан Ресей шекарасына дейінгі аралықта салынып қойған. Оның жалпы ұзындығы – 189 шақырым, 62 шақырымда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Автожолдың көп бөлігі Ресей аумағы арқылы өтеді, егер көрші ел жол салуға келісім берсе, жаңа маршрут 837 шақырымды құрамақ.

Ал қазір қолданыстағы «Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы» тасжолының ұзындығы 1 604 шақырымға дейін барады.

«Жаңа автожол жол жүру уақытын едәуір қысқартып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын жақсартып қана қоймай, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуда маңызды қадам болады», – делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.