Алдымен әнші “Сен Жаханмен ажырасқалы мен махаббатқа сенбей қалдым” деген оқырман пікіріне жауап жазды.
"Қарым-қатынастан үркіп қалдым": Балжан Бидаш жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/bidash_official/
2,415
оқылды

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдымен әнші  “Сен Жаханмен ажырасқалы мен махаббатқа сенбей қалдым” деген оқырман пікіріне жауап жазды. 

“Мен махаббатқа сенемін. Жігіттерге сене бермеймін. Қарым-қатынастан аздап үркіп қалғаным бар”, – деді әнші

Сонымен қатар бұрынғы тұрмыста болған жылдарына еш өкпесі жоқ екенін де жасырмады. 

“Сол кездегі Балжанды қатты-қатты құшақтап алғым келеді. Ешкімге өкпем жоқ. Керісінше, өмірімде болған жандардың бәріне мың алғыс. Солардың арқасында өмірдің құндылығын түсіндім. Бақыттымын”, – дейді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.