Іздеу шараларына кинологтар мен атты полиция, дрон жұмылдырылды.
Павлодарда бір ай бұрын жоғалып кеткен жігіт әлі іздестіріліп жатыр
588
оқылды

 Vita  іздеушілер ұйымының мәліметінше, 1 қыркүйекте 26 жастағы күйзеліске түскен Александр Фоминов хабар-ошарсыз кеткен. Еріктілер өзен жағалау аймағын тексеруде,  деп хабарлайды Aikyn.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еріктілер, туыстары, достары жоғалып кеткен жігітті іздеу шараларын күн сайын жалғастыруда. Ол соңғы рет "Усолка" шағынауданында болған, кешке жұмыстан кейін дүкенге кірген.  

– Өзеннен бастап су мұнарасына дейінгі жағалау пысықталды, сондай-ақ "Усолка" шағынауданы қайтадан тексерілді. Нәтиже жоқ, – деп жазды еріктілер. 

Іздеу шараларына кинологтар мен атты полиция, дрон жұмылдырылды. Оны көрген немесе қайда жүргені туралы қандай да бір маңызды ақпарат болса, еріктілердің келесі WhatsАpp нөмірлері бойынша хабарлауға болады:  +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана).