Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр, елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, солтүстігінде жауын – шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі.
Жаңбыр, шаңды дауыл, тұман: 10 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
568
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр, елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, солтүстігінде жауын – шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Тек оңтүстік-шығыста, шығыста, елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. ҚР бойынша желдің күшеюі күтілуде, елдің оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.               

Павлодар, Ақмола облыстарында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктері мен шөлді аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының Үржар ауданында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының, солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.