Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікмен­стан­ға екі күндік ресми сапармен барып қайтты.
Қазақ-түрікмен қатынасы: бауырластықты нығайтқан бастамалар
815
оқылды

Мемлекет басшысының Тү­­рік­­­менстанға ресми сапары Тү­рік­менстан Халк Мас­лаха­ты­ның тө­рағасы Гурбангулы Бер­ді­мұ­ха­ме­довпен кездесуден бас­талды. Қасым-Жомарт Тоқаевты түрік­мен халқының көшбасшы­сы Аш­хабад әуежайынан қарсы ал­ды. Президент ұшағының тра­пы ал­­­­­­дында Құрмет қарауылы сап тү­зеп тұрды. Құрмет қарауы­лы­ның бастығы рапорт берген­нен кейін екі елдің әнұрандары орын­­­далды.

Мемлекет басшысы қонақ­жай­­лық танытқаны үшін Халк Мас­­лахатының төрағасына риза­шы­­лық білдірді. Сондай-ақ Гур­бан­­гулы Бердімұхамедовтің Қа­зақ­­стан мен Түрікменстан ара­­­­­сындағы қарым-қатынасты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Президент қазақ-түрікмен ын­тымақтастығы достық, тату көр­­­­шілік және өзара қолдау ру­хын­да қарқынды дамып келе жат­қанына ерекше назар ауда­рып, Түрікменстанға ресми са­­­па­­­­рының мақсаты екі елдің ст­­ра­те­гиялық серіктестігін жаңа дең­­­­­гейге шығару екенін айт­ты.

– Сіздің еліңізбен ынтымақ­тас­­тықты дамыту мәселесіне зор жауапкершілікпен қарай­мыз. Біз – стратегиялық серік­тес ел­дер­міз. Жаңа Бірлескен үкі­ме­тара­лық комиссияның жұ­мысы ту­ра­лы айтып өттіңіз. Мен де оның қыз­ме­тін бақылап, Үкі­­мет­ке бағыт-бағ­дар беріп, қан­дай ше­шім қа­былдау керек еке­нін нұсқап оты­рамын. Өйт­кені біз үшін Тү­рік­­менс­танмен дос­тық бай­ла­ныс басты басым­дықтардың бірі са­налады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Өз кезегінде Гурбангулы Бер­дімұхамедов Қазақстан Пре­зи­дентіне ілтипат білдіріп, оның Тү­рікменстанға ресми сапары ая­­сында қол жеткізілетін уағ­да­лас­­тықтар екі ел арасындағы ст­ра­тегиялық серіктестікті те­рең­­детуге ықпал ететініне сенім біл­­дірді. Әңгімелесу барысында сая­си, сауда-экономикалық жә­не мәдени-гуманитарлық са­ла­лардағы екіжақты ынтымақ­тас­тық­тың басым бағыттары ег­жей-тегжейлі талқыланды.

Одан соң Қазақстан Прези­ден­ті мен Түрікменстан Халк Мас­лахатының төрағасы Ашха­бад төрінде ұлтымыздың ұлы ой­шылы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты.

Ең алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұха­ме­дов пен түрікмен халқына Мақ­тым­құлы Пырағының 300 жыл­дық мерейтойына орай арнайы шы­ғарылған медальмен мара­пат­тағаны үшін алғыс айтты. Со­ны­мен қатар мұны екі ел ара­сын­да­ғы өзара сый-құрмет пен дос­­­­­­­тық­тың белгісі ретінде қа­был­дайтынын жеткізді. Мем­ле­кет басшысы сал­танатты жиында сөй­леген сөзінде бұл ескерт­кіш­тің ашылуын түрік­мен бауыр­лар­дың қазақ халқына айрықша құр­метінің көрінісі деп санай­ты­нын атап өтті.

– Абай – әлемдік ауқымдағы алып тұлға. Оның шығармалары бүкіл адамзаттың асыл мұрасына айналды. Жер жүзіндегі көптеген қалада хакім Абайдың ескерткіші бар. Ұлы ақын саналы ғұмырын ағарту ісіне арнады. Абай «Талап қыл артық білуге» деп, өнер-білім философиясын кеңінен насихат­тады. Ол теңдессіз туындылары ар­қылы мызғымас құндылық­тарды дәріптеді. Жұртты отан­шыл­дыққа, білімпаздыққа, ең­бек­қорлыққа баулыды. Жақсылық пен парасаттылыққа үндеді. Ашхабадта Абай ескерткішінің ашылуы – бауырластығымызды нығайта түсетін бірегей бастама, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент биыл Астанада түрікмен халқы­ның ұлы ойшылы Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашыл­ғанын еске салып, қазақ елі түркі жұртына ортақ тұлғаның шығар­ма­шылығына зор құрметпен қарай­тынын жеткізді.

– Шын мәнінде, Абай мен Мақтымқұлы еңбектері – түркі дүниесінің құнды қазынасы. Оны сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдыру – баршамызға ортақ міндет. Ұлы ақындарымыздың поэзия­сын­да өзара сабақтастық мысал­дары көп. Біз – түбі бір, тарихы ортақ, тілі мен мәдениеті ұқсас халық­тармыз. Осы бауырластық елдері­міз­дің қарым-қатынасына арқау болып отыр. Қазір бұл байланыс стратегиялық серіктес­тік рухында дамып келе жатыр. Түрік­менстан­ға бүгінгі ресми сапарым – соның айқын дәлелі. Абайдың ескерткіші қазақ-түрік­мен достығының сим­волына айна­лады деп сенемін, – деді Пре­зидент.

Өз кезегінде Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы бауырлас халықтардың тарихи және мәдени өмірінде жарқын із қалдырған белгілі тұлғалар, ой­шыл­дар мен ақындар мұрасын сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің мәні зор екеніне тоқталды.

– Бүгін біз астанамыз Аш­хабад­тың тамаша мүйісінде ор­наласқан ғажап саябақта бауырлас қазақ халқының ұлы ақыны, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашу рәсімінде бас қосып отырмыз. Баршаңызды осы салтанатты сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Түрікмен және қазақ халықтары әлемнің мәдени-рухани қазынасына үлкен үлес қосты. Соған сәйкес, бұл мәдени мұраны тыңғылықты зерттеу, оны кеңінен насихаттау және осы саладағы халықаралық әріптес­тікті дамыту аса маңызды міндет болып саналады, – деді Гурбан­гулы Бердімұхамедов.

Іс-шараға Түрікменстанның зиялы қауым өкілдері және Қазақ­станның ресми делегация мүше­лері қатысты. Салтанатты жиында «Калкыныш» би тобы қос ха­лықтың арасындағы мәдени бай­ланыстардың терең тамырын таны­татын «Түрікмен-қазақ дос­тығы» атты композициясын ұсын­­­ды.

Осыдан соң Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аш­ха­бадқа ресми сапары аясында Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды. Президент түрікмен елінің басты ескерткішіне тағзым ету арқылы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың берік екенін көрсетті. 

Ресми сапардың алғашқы күні Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедовтің шағын құрамда жүргізген келіссөздерімен жалғасты. Шағын құрамдағы келіссөзге дейін «Оғызхан» сара­йында Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми деле­гация мүшелерін таныс­тырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бауыр­лас екі ел арасындағы санқырлы ынтымақтастықты нығайтуда мұндай жоғары деңгейдегі тұрақ­ты кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті.

– Түрікменстан – біз үшін туысқан ел әрі стратегиялық се­рік­тес. Қазақстан – сіздің еліңіз­бен энергетика, көлік, ло­гистика және мәдени-гумани­тарлық салалардағы ықпалдас­тыққа қа­тыс­ты барлық мәселе бойынша сенімді одақтас. Мұның алдағы уақытта да осы бағытта жалғаса беретінін атап өткім ке­леді. Әл­бетте, біз Түрікмен­станның халықаралық аренадағы бейтарап статусына құрметпен қараймыз. Сіздің еліңіз өңірлік және ха­лықаралық қауіпсіздікті қамта­масыз ету ісіне өте елеулі үлес қо­сып келеді. Бұл ретте біз, ең ал­дымен, БҰҰ және басқа да ха­лықаралық ұйымдар аясында ты­ғыз қарым-қатынас жасауға дайын­быз, – деді Президент.

Өз кезегінде Сердар Бердім­ұхамедов Түрікменстанның ба­уыр­лас Қазақстанмен стратегия­лық серіктестікті жан-жақты өркендетуге бейіл екенін растады.

– Біз Түрікменстанның сырт­қы саясаттағы бейтарап бағда­рына, сондай-ақ БҰҰ және өзге де жаһандық құрылымдар аясындағы халықаралық бастамаларына қол­дау білдіргені үшін Қазақ­станға ризашылығымызды білді­ре­міз. Ал Түрікменстан Қазақстан Республикасының сыртқы сая­сат­тағы ұстанымын құптайды. Сон­дай-ақ біз елдеріміз арасын­дағы сауда-экономикалық бай­ланыстардың дамуына айрықша мән береміз. Энергетика, көлік, сауда-саттық, ауыл шаруа­шылы­ғы, жоғары технологиялар секілді маңызды бағыттар бойын­ша бірлесіп жұмыс істеуге ниет­тіміз. Екі ел арасындағы мәдени-гу­мани­тарлық байланыстардың да маңызы зор, – деді Түрікмен­стан Президенті.

Одан соң Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы жылдары сауда-экономикалық ынтымақтастықта айтарлықтай ілгерілеу бар. Соны­мен қатар Қазақстан Түрік­менстанға экспорттың жалпы көлемін 80 тауар түрі бойынша 120 миллион долларға дейін ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді. Тараптар екі елдің іскер топтары арасын­дағы байланысқа қолдау көрсе­тудің маңызына тоқталды.

Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдаланып, туысқан түрік­мен халқын әйгілі ақын Мақтым­құлы Пырағының 300 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Ал Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Президентінің Тү­рікмен­станға сапары екіжақты ық­палдастықты кеңейту тұрғы­сынан маңызды деп санайды.

– Қазақстан Президентінің ресми сапары елдеріміз арасын­дағы тату көршілік пен тығыз әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтуға, серіктес салалар­дағы өзара ықпалдастықты кеңей­туге, перспективті бағыттарды дамытуға оң әсер етеді. Қазақ-түрік­мен қарым-қатынасы ғасыр­лар қойнауынан тамыр тартады. Осы уақыт ішінде шынайы бауыр­ластық байланыс қалыптасты. Қос мемлекет пен халықтары­мызды географиялық орналасуы ғана емес, біртұтас тарихи тағдыр­ластықты сезінуі мен бір-біріне қажет екенін түсінуі біріктіреді. Біз ортақ құндылықтарымызды қастерлейміз, бабалардан мұраға қалған дәстүрімізді құрметтейміз әрі мұқият сақтаймыз, – деді Сер­дар Бердімұхамедов.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтас­тық­тың қазіргі ахуалы мен бола­шағы талқыланды. Газ са­­­­­ла­­­­­­­­сын­­­да­ғы бірлескен бастама­ларды жү­зеге асыру, өзара сауда мен екі елдің аумағы арқылы тасымал­данатын жүк көлемін жүйелі түрде арттыру, сондай-ақ өңіраралық ықпалдастықты жан­дандыру мә­селелеріне айрық­ша мән берілді.

Келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бер­дімұхамедов Қазақстан Респуб­ликасы мен Түрікменстан ара­­­­сындағы достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларацияны қабылдады. Соны­мен қатар екі елдің деле­гация мүшелері үкіметаралық, ведом­ствоаралық және өңірара­лық дең­гейдегі 20 құжатқа қол қойыл­ды. Келіссөздер қоры­тындысы бойынша, Қазақстан мен Түрік­менстан президенттері БАҚ өкіл­дері үшін брифинг өткізіп, бір­лескен мәлімдеме жасады.

Кеше Мемлекет басшысы Тү­рік­менстанға ресми сапары ая­сында түрікмен ақыны Мақ­тымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай өткен «Дә­уірлер мен өркениеттер байла­нысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысып, сөз сөйледі. Президент өз сөзінде Мақтымқұлының күллі шығыс жұртына ортақ ұлы ой­шыл, түрікмен классикалық әде­биетінің негізін қалаған бірегей тұлға екенін атап өтті.

– Мақтымқұлы Пырағы – әлем руханиятында орны бар тарихи тұлға. Сондықтан ЮНЕСКО ақын мұраларын «Әлем жады» атты халықаралық тізімге енгізген. Ал ТҮРКСОЙ ұйымы осы жылды «Түркі әлемі­нің ұлы ақыны әрі ойшылы Мақ­тымқұлы Пырағы жылы» деп жа­риялады. Бұл – барша түркі жұртының ерекше сый-құрметі екені сөзсіз. Ұйымның шешімі ақын шығармаларын халық­аралық деңгейде танытуға септігін тигізеді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікі­рінше, әлемде геосаяси ахуал ушы­ғып, түрлі жаһандық сын-қатерлер пайда болып жатқан күрделі кезеңде ұлы ойшылдың рухани мұрасы айрықша өзекті бола түсті.

– Мақтымқұлы поэзиясы терең гуманистік ойларға толы. Ақын өз шығармаларында бейбіт­шілік, өзара сенім мен құр­мет сияқты мызғымас құнды­лық­тарды дәріптейді. Оның әр туын­дысында Отанға деген шексіз сүйіспеншілік бар. Мақтымқұлы халықты басқа елдермен, яғни күллі әлеммен ынтымақта өмір сүруге шақырды. Мұны жарқын болашақтың кепілі деп түсінді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Түрікменстан ауқымды әлеу­меттік-экономикалық және саяси реформалар жүргізіп, қарқынды даму жолына түскеніне назар аударды. Сонымен қатар бұл шаралар сан ғасырлық тарихы бар түрікмен мемлекеттілігін нығайта түсетініне сенім білдірді.

– Келесі жылы Түрікменстан тұрақты бейтараптық саясатының отыз жылдығын атап өтеді. Бауыр­лас жұрт осы қағидатты берік ұстанып отыр. Ұлттық біре­гейлігін сақтап, елдік мүддесін қорғап келеді. Осы табанды сая­сатының арқасында Түрік­мен­станның халықаралық деңгейдегі абырой-беделі арта түсті. Бей­тарап Түрікменстан әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға мол үлес қосуда. Сондай-ақ Орталық Азия және Каспий аймағында көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуде. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2025 жылды «Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы» деп жариялады. Бұл игі бастаманы Түрікменстан елі көтерді. Мақ­тым­құлы түрікмен жұртының іргелі ел болуын аңсап өтті. Бү­гінде ұлы бабаның арманы ақиқатқа айналды. Түрікменстан өсіп-өркендеген мықты мемлекет болып отыр, – деді Президент.

Сонымен қатар форумда Тү­рікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари, Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш сөз сөйледі.