Жер сілкінісінен соң сейсмологтер 20-дан астам афтершок тіркеген.
Түркияда  күшті жер сілкінісі болды
10,996
оқылды

Түркияда магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді. Күшті жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 10.46-да Малатия провинциясынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған. 

Жер сілкінісінің ошағы шамамен он шақырым тереңдікте болған. Әзірге зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жөнінде ақпарат жоқ.

Жер сілкінісінен соң сейсмологтер 20-дан астам афтершок тіркеген.