Сыртқы істер министрі жетекші бельгиялық және люксембургтік компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.
Қазақстан мен Еуропалық инвестициялық банк өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтпақ
359
оқылды

Қазақстан  Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Люксембург Ұлы Герцогтігіне ресми сапар жасады,  деп хабарлайды Aikyn.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Люксембург премьер-министрі Люк Фриденмен және Люксембург премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Ксавье Беттельмен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерімен қатар, қаржы технологиялары, «жасыл» энергетика арқылы тұрақты даму, фармацевтика және көлік инфрақұрылымы жобалары сияқты келешегі бар бағыттарды талқылады. Екі елдің іскерлік қоғамдастықтары үшін мүмкіндіктерді кеңейту және экономикалық байланыстарды нығайту қажеттілігі расталды.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Люксембургке сапары барысында Еуропалық инвестициялық банктің президенті Надия Кальвиньомен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстандағы негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Су ресурстары мәселелеріне ерекше назар аударылды. ҚР СІМ басшысы Орталық Азия өңірі үшін аса маңызды ағынды суларды тазарту жүйелерін жаңғырту және су тасқынынан қорғау құрылыстарын салу жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар М.Нұртілеу жетекші бельгиялық және люксембургтік компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесу  өткізіп, олардың барысында өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.