Жер сілкіністері бір-біріне жақын жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелді.
Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді
Halyq Uni
842
оқылды

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеген, - деп жазады Aikyn.kz.

Мамандардың айтуынша, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні, таңғы сағат 02.02-де тіркелген.

lada.kz сайтының мәліметінше, дәл осындай магнитудадағы екінші дүмпу түскі сағат 11.39-да болған.

Екі жер сілкінісінің ошағы 68 шақырым тереңдікте жатыр.

Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б.

Еске салсақ, 17 қазан күні түнде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.